Жастар Көшбасшысы Печать

ҚЫМБАТТЫ  ДОС!

«Алсем-Астана» ғылыми-әдістемелік орталығы «Жастар Көшбасшысы» жазғы мектебіне тіркелу маусымын ашық деп жариялайды. Сізді таңғажайып Бурабай табиғаты аясында сергек те көңілді,  танымдық-зияткерлік әуелетті дамытуда пайдасы мол қызықты демалыс күндері күтеді.

Жазғы мектептің мақсаты: жастардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру; қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлеу мәдениетін шыңдау.

Бағдарламада:

-          Тұлғаның көшбасшылық/лидерлік қасиеттерін дамыту бағытындағы  психологиялық тренингтер;

-          Шешендік өнер, халық алдында сөйлеу мәдениетін үйрету машықтары;

-          Танымал тұлғалармен кездесу кештері;

-          Зияткерлік ойындар;

-          Поэзия кеші, ұлттық ойындар, би сайыстары, түрлі викториналар, экскурсия т.б.

-          Күн сайын ашық аспан астында «Күн-Ауа-Су» ванналарын қабылдау.

Қарым-қатынас тілі: қазақ, ағылшын;

Өткізілу мерзімі: шілде – тамыз айлары, 2014 жыл

Өткізілу мекені: Бурабай өңірі

Жазғы мектеп төменде көрсетілген 4  ағымда жұмыс істейді:

I ағым:  14-20 шілде

II ағым:  21-27 шілде

III ағым: 28 шілде – 3 тамыз аралығы

IV ағым : 4 – 10 тамыз

Қатысушының жас мөлшері: 18 жас және одан жоғары

Төлемақы: Бір адам үшін  98400 теңге

Тіркелу кезеңі/тапсырыс берудің аяқталуы: сәуірдің  25 - ші жұлдызы.

Тапсырыс беру үлгісін www.alsem.kz сайтынан қараңыз!

Корпоративтік тапсырыс берушілерге төлемақыда жеңілдіктер қарастырылған.

«Алсем-Астана» ғылыми-әдістемелік орталығы қызмет көрсету нарығында 2006 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында жастардың біліми/біліктілік әуелетін қолдау бағытындағы жұмыстар  атқарудан Орталықта қомақты тәжірибе жинақталған.